Қостанай облысында егіншілікке арналған жердің 58%-ына егіс жұмыстары жүргізілді
Облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасының бастығы Сергей Галаниннің берген ең соңғы деректері бойынша, егін егу 2,536 млн. гектар аумаққа жүргізілген.
С.Галанин науқанның қарқынды жұмысын атап өтті, былтырғы жылы осы уақытта облыс бойынша алқаптардың небары 34%-ына егін егілген болатын. «Қостанайлық диқаншыларға ауа райы көмектесуде, сондай-ақ жұмыстың жақсы ұйымдастырылуы, агрегат пен ауыл шаруашылығы кешендерінің тапшылығы болмауы игі ықпал етуде», - дейді С.Галанин.
Қостанай далаларындағы азық-түлік дақылдарының негізін бидай құрайды, бидай егу үшін биыл 4,100 млн. га жер бөлінген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда аз, себебі облыста майлы дақылдарды, күнбағыс, қыша, сафлор алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр (осы дақылдар үшін 146 мың гектар жер бөлінген). Айтқандай, майлы дақылдар 56% аумаққа егіліп үлгерген. Ағымдағы жылы егіс көлемі 4,380 млн. гектарды құрайды.
Егіс науқанының алдыңғы қатарында - Әулиекөл және Қарасу аудандары (егілген алқаптың 66%-ы), Алтынсарин ауданы мен Арқалық (жердің 62%-ы) келеді. «Маусымның 5-іне дейін Қостанай облысында егіс науқаны аяқталады, яғни біздің диқандар жоспарланған жұмысты қысқа агротехникалық мерзімде аяқтайды», - деді С.Галанин.