Қостанай облысында елік пен қабандарды өлтірген аңшылар қолға түсті

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында елік пен бір топ қабанды заңсыз өлтірген аңшылар қолға түсті.
None
None

Қарабалық ауданында полиция қызметкерлері екі браконьерді қолға түсірді. Облыстық ІІД басқармасының бастығы Елена Кашаринаның сөзіне қарағанда, олар елікті Қарадұм орман шаруашылында атқан. Олардың автокөліктерін тексеру барысында ТОЗ-63 маркалы қару, оқтар мен елік еті табылды. Олардың әкелген зардабы 140 мың теңгені құрап, аңшылардан қала сыртына шықпау туралы қолхат алынды.

Амангелді ауданының аумағында полицейлер «УАЗ» автокөлігін тоқтатып, 3 үлкен және 2 жас қабанның етін тәркілеген.

Соңғы жаңалықтар