13:40, 13 Маусым 2018 | GMT +5
Қостанай облысында ер адамды бетон плита басып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшының үстіне темірбетон плиталар құлады, деп хабарлайды alau.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жазатайым оқиға 12 маусым күні Дружба кентінен 3 шақырым жерде болған.
«Қабырға опырылып темірбетон плиталар құлаған. Соның астында қалған 50 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.