Қостанай облысында қалалық ішкі істер басқармалары қайтадан ашылды

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Ішкі істер министрінің бұйрықтарымен Қостанай және Рудный ішкі істер басқармаларына басшылар тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық Ішкі істер департаментінің Тіл саясаты және ақпарат басқармасының хабарлауынша, Қостанайда ішкі істер басқармасы құрылды. Қаладағы Солтүстік және Оңтүстік ішкі істер бөлімдері жаңа басқарманың тікелей қарамағына ауысады. Қостанай ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне полиция полковнигі Сайын Жұмабаев тағайындалып отыр. Бұған дейін ол Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасын басқарған болатын. Ал Рудный ішкі істер басқармасының басшылығына бұған дейін қалалық ішкі істер бөлімін басқарған полиция полковнигі Владимир Башков тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар