Қостанай облысында «Қазпоштаның» ғимараты өртке оранды

ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Первомайский ауылдық округіндегі «Қазпоштаның» ғимараты өртеніп кетті.
None
None

Хабарды ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратты.

Бұл келеңсіз жағдай кеше, таңертең, ауылдық округтегі «Қазпошта» ААҚ-ның бір қабатты пошта ғимаратында болды.

Тілсіз жаумен күреске жұмылдырылған ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы оны үш сағат жиырма минутта ауыздықтады.

Жалын жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрайтын пошта ғимаратының 85 шаршы метрін шарпыды. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар