Қостанай облысында Кейкі батырдың сүйегін жерлеуге әзірленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы күзде Арқалықта 20 ғасырдың басында қаза тапқан Кейкі батырды жерлеу рәсімі өтеді. Биыл ұзақ келіссөзден кейін Ұлы Петр атындағы антропология және этнография мұражайынан оның басы кері қайтарылған. Шараға ақша бөлініп, мемориалдық кешен салынады, мәдениет үйі мен жергілікті мұражай жөнделеді, деп жазады Алау.
None
None

Қостанай облысыны әкімі жұмысын Кейкі батыр мемориалының алдында намаз оқудан бастады. 

 «Құрылыс жобасы демеушілер қаражатымен салынады. Құрылыс мамырда басталады. Қыркүйекте аяқталады», - деді  әкім А. Мұхамбетов.

Жаңа мемориалдық кешенді салу үшін маңызды себеп болды, ол  биыл Қазақстанда ұзақ келіссөзден кейін Ресей мұражайынан Кейкі батырдың басы кері қайтарылды. Осыған орай Қостанай облысында жерлеуді ұйымдастыру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.  Шараға   ақша бөлінді. Мәдениет үйі, мұражай жөнделеді деп жоспарлануда.

Әкімнің айтуынша, Арқалықта республикалық ауқымды шараға дайындалу үшін көп уақыт қажет емес, жұмыс келесі күзде жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар