Қостанай облысында коммуналдық өтемақы алуға 21 мың адам өтінім берген

Мемлекет басшысының тапсырмасымен халыққа қолдау көрсетудің тағы бір тетігі жүзеге асырылуда. Ол – мұқтаж жандардың коммуналдық қызмет ақысын төлеп беру. Бұл көмекті кімдер ала алатынын мына сілтемеден білуге болады.
Қостанай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, 30 сәуірдегі ақпарат бойынша халықтан 21 мың өтінім түскен.
«Оның ішінде 726 өтінім талапқа сай келмеуіне байланысты қабылданбады. 3200 өтінім мақұлданған. Қалған бөлігі әзірге қарастырылып жатыр. Коммуналдық қызмет өтемақысын алуға өтініш бергендердің 80 пайызы – облыс орталығының тұрғындары» делінген өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook парақшасында.
Жалпы облыста осындай санатқа жататын 50,5 мыңнан астам тұрғын бар.