Қостанай облысында мас жүргізуші КамАЗ көлігін аударып тастады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қараменде - Раздольное (Қостанай облысы, Науырзым ауданы) автожолындағы жол-көлік апатынан КамАЗ көлігі аударылып, жыраға құлады.

Қостанай облысында мас жүргізуші КамАЗ көлігін аударып тастады

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алкогольді ішімдікке мас болғандықтан, 40 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмаған.

Жүргізуші ауыр жарақат алып, Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.