Қостанай облысында өрт салдарынан 119 бас ұсақ қара мал қырылып қалды

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қарасу селолық округінің Қатон қыстауында мамырдың 25-і күні сағат 17.17-де мал қора мен былтырдан қалған пішен өртенді,
None
None

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өрттің ауданы 520 шаршы метрді қамтыды. Нәтижесінде 119 бас ұсақ мал қырылып қалды.

Өрт келесі күні сағат 13.15-те сөндірілді. Оның ауыздықтауға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі мен ерікті өрт сөндірушілер жасағы атсалысты.

Соңғы жаңалықтар