Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады», - деп жазды Архимед Мұхамбетов.


Шынында да, салыстырмалы екі фотосуретте бір айдың ішінде ен далада тұтас бір коттедждік ауыл қалай тұрғызылғаны байқалады.

Сондай-ақ, А.Мұхамбетов дайын үйлердің бірінің іші қалай көрінетінін видеосын жариялады.

Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ондаған мердігер ұйымдар кіріскені хабарланған болатын.

Құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.


Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov




Соңғы жаңалықтар