Қостанай облысында полиция қызметкерлері 84 келіден асатын есірткі заттарын тәркіледі

ҚОСТАНАЙ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында полиция қызметкерлері жылдың басынан 397 есірткі қылмысын анықтап, заңсыз айналымнан 84 келіден астам есірткіні тәркіледі.
None
None

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, соңғы күндері есірткі тасымалымен айналысатын күдіктілер қолға түскен. Мәселен, облыс орталығында 32 жастағы тұрғынды тінтуде 2,7 грамм героин және сөмкесінен есірткіні орайтын арнайы пакеттер табылған. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ Қостанайда 49 жастағы ер адам оралған 19 грамм героинмен ұсталды. Есірткіні киімдерінің ішіне жасырған. Оны табуға қызметтік ит көмектескен. Тәркіленген есірткінің салмағы 6 грамды құрайды. Полиция қызметкерлері берген ақпарат бойынша, күдікті бұрын да істі болған, ал оның зайыбы есірткімен айыналысқаны үшін жазасын өтеуде.

Соңғы жаңалықтар