14:16, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Қостанай облысында такси жүргізушісінің өлімі ашылды
ҚОСТАНАЙ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Жетіқара қаласында жергілікті текси жүргізушісіне қатысты ізі суымаған қылмыстың беті ашылды.

Қостанай облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Елена Кашарина хабарлағандай, қаза тапқан азаматтың денесі қаладан шыға берістегі гараж кооперативінің жанынан табылған. Сарапшылар адам денесінен 14 рет пышақ сұғылған жарақатты анықтады. Көп ұзамай өз кінәларын мойындаған 19 және 20 жастағы жергілікті екі тұрғын қолға түсті. Онымен қоса, олардың киімдерінен құрбан болған адамның қанының ізі табылған.
Күдікті азаматтар жолақысын төлегілері келмегендіктен такси жүргізушісін өлтіргендіктерін айтты. Қазіргі таңда олар тұтқынға алынған.