20:35, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қостанай облысында Тәуелсіздіктің мерейтойына арнап 20-дан астам индустриялды-инновациялық нысандар іске қосылады
КОСТАНАЙ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында жақын күндері үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 21 нысан іске қосылады.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа нысандар арнайы құрылған кесте бойынша ашылады. Қостанай облысында ҮИИД бағдарламасы бойынша 25 нысан ашылмақ, оның 4-еуі іске қосылып үлгерген. Көбінесе бұл полиэтилендік құбырлар ( зауыттың қуаттылығы - жылына 12 мың тонна), және құрғақ өнім шығаратын цех.