Қостанай облысында - жаңа тағайындау

ҚОСТАНАЙ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Қостана облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов бүгін Лисаковск қаласының әкімі қызметіне Марат Жүндібаевты тағайындау туралы өкім шығарды.
None
None

Әкімнің баспасөз қызметінен хабарлағандай, М.Жүндібаев 1974 жылы дүниеге келді, үш ЖОО-ны - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін («тарих» мамандығы), Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын («құқықтану» мамандығы) және Халықаралық бизнес университетін («мемлекеттік және өзін өзі басқару» мамандығы) тәмамдады.

Еңбек жолын Жітіқара ауданындағы ауыл жұмысшысы ретінде бастаған ол ЖОО-ны бітірген соң Қостанай қаласындағы «Аракс» жабық типтегі акционерлік қоғамының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің шебері болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап - Жітіқара аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, бастығы, Қостанай облысы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2005 жылы Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, одан кейін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап - білім басқармасының бастығы.

2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар