21:02, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Қостанай облысында жаңадан төрт шекара заставасы ашылады
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Осы жылдың соңына дейін Қостанай облысында жаңа шекара заставалары ашылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан-ресей шекарасы төрт заставамен нығайтылады, бұған мемлекет 250 миллион теңге бөліп отыр. ҚР ҰҚК «Солтүстік» шекара қызметі аймақтық басқармасы бастығының бірінші орынбасары Роман Құрманбаевтың атап өткеніндей, Қостанай және Қорған облыстарының қиылысында жаңа шекара кешенін салудың стратегиялық маңызы зор, өйткені бұл бағытта тауар-экономикалық ағын үлкен, Қазақстан мен Ресейді жалғастыратын автомобиль күрежолында қозғалыс жиілігі жоғары. Жаңа шекаралық заставалар контрабанды жолына тағы бір елеулі тосқауыл болмақ. Өткен жылы қостанайлық шекарашылар жүктерді жасырын өткізбек болған 700 оқиғаның жолын кесті.