19:41, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Қостанай облысында жарты миллион адам санақтан өтті
ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысында наурыздың 1-індегі дерек бойынша 461 мың 530 адам санақтан өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық статистика басқармасының бастығы Қанат Бәрімбековтың хабарлауынша, статистикалық есепке ілінгендердің жартысына жуығы ? ер адамдар (215 мың 412 адам), әйелдердің саны артық ? 246 мың 118. Барлық санаққа алынғандардың ішінде 35,7 пайызын жергілікті ұлттың адамдары құрайды.Облыстық статистика басқармасының қызметкерлері үй иесі белгілі бір себептермен есепшілерді қабылдай алмаса, оны санақ бөлімдерінде қабылдауға даяр екендіктері туралы ақпаратты таратты. Ол бұл жерде өзі және өзінің үй шаруашылығындағы отбасы мүшелері туралы мәліметті хабарлай алады.