Қостанай облысында жол жүру ережесінің қауіпсіздігін сақтау апталығы өтуде
Аталмыш шара аясында, қарашаның 14-нен 21-іне дейін жол полиция қызметкерлері жол үстінде болатын апаттың алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастырып отыр. Облыстық мектептің маңында шетен ағашын отырғызып, еске алу саяжолын жасаған. Аға лейтенант полиция қызметкері Дәурен Бекботаевтың ойынша, қызыл шетен ағаштары жол апатынан қайғылы қаза болған адамдардың естелігі ретінде жасалып отыр.
Қостанай облысының ІІД жол полициясы басқармасының барлық құрылымдық бөлімшелері құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараға ат салыспақ. Кеше, жол ережесін өрескел бұзған азаматтар үшін әкімшілік хаттама рәсімделді. Ал басқа жағдайларда жүргізушілер жол қозғалыс инспекторларынан ауызша ескертулер алып, оларға балғын қозғалыс инспекторлары насихаттық баспа материалдарын таратты.
Сонымен қатар, Қостанай облысында «Ең үздік көлік мектебі» атты сайыс өтеді. Жексенбіде жол апатынан қаза тапқан адамдарды еске алу күні флеш-мобпен өтеді. Нақтырақ айтқанда, жүргізушілер ынтымақтастық белгісі ретінде қала көшелерінде қара түсті көліктерінің жарығын жағып, содан кейін акцияның қатысушылары қара және ақ шарларды аспанға жібермек.