Қостанай облысында жол жүру ережесінің қауіпсіздігін сақтау апталығы өтуде

ҚОСТАНАЙ. 16 қараша. ҚазАқпарат / Петр Плахотников/ - Жол- көлік апатынан қайтыс болғандарды әлемдік еске алу күні қарсаңында Қостанай облысында жол жүру ережесінің қауіпсіздігін сақтау аптасы өтіп жатыр.
None
None

Аталмыш шара аясында, қарашаның 14-нен 21-не дейін жол полицисы қызметкерлері жол үстінде болатын апаттың алдын алуға бағытталған шара ұйымдастырып отыр. Облыстағы мектептің жанында шетен ағашын отырғызып, еске алу саяжолы жасалған. Полицияның аға лейтенанты Дәурен Бекботаевтың айтуынша, қызыл шетен ағаштары жол апатынан қаза болған адамдарды еске алу ретінде егіліп отыр.

Қостанай облысының ІІД жол полициясы басқармасының барлық құрылымдық бөлімшелері құқық бұзушылықтың алдын алуға бағыттанған шараға ат салысады. Кеше, жол ережесін өрескел бұзған азаматтарға ғана әкімшілік хаттама рәсімделді. Ал басқа жағдайларда жүргізушілер жол қозғалысы инспекторларынан ауызша және үгіт мақсатындағы ескертулермен шектелді.

Сонымен қатар, Қостанай облысында «Ең үздік көлік мектебі» конкурсы өтеді. Таяудағы жексенбіде Дүниежүзілік ЖКА қаза тапқандарды еске алу күнінде флеш-моб өтеді. Нақтырақ айтқанда, жүргізушілер ынтымақтастық белгісі ретінде қала көшелерінде қара түсті көліктерінің жарығын жағып, содан кейін акцияның қатысушылары аспанға қара және ақ шарлар ұшырмақ.

Соңғы жаңалықтар