Қостанай облысында жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз адам саудасы мен қанаушылыққа қатысты қылмыстардың беті ашылды

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көңіл көтеру орындарында, барларда, түнгі клубтарта рейд жүргізіп, жеңгетайлық пен басқа да қылмыстарды анықтады. Бұл туралы бүгін ІІД баспасөз қызметінің бастығы Елена Кашарина арнайы брифингіде айтты.
None
None

Рудный қаласындағы моншалардың бірінде мекеменің әкімшілік қызметшісі 29 жастағы қызды жыныстық қатынасқа түсу үшін шақырған. Осындай факт Затабол ауылында орын алған.

Е.Кашаринаның түсіндіруі бойынша ҚР ҚК 271-ші бабы, 1-ші тармағы «Жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін ұйымдасу немесе адам ұстау» бойынша әкімшілік қызметкерлерге 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер қылмыс қайталанған болса, онда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Соңғы жаңалықтар