Қостанай облысындағы цех күніне бір тонна сүт өндіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайдың Ұзынкөл ауданында соңғы 4 жылда алты инвестициялық жоба жүзеге асты. Соның арқасында бұрын тек егін шаруашылығымен шұғылданған өңірде өңдеу нысандары пайда болды. Былтыр іске қосылған сүт өңдейтін шағын кәсіпорын қазір жергілікті нарықты сапалы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Аудан орталығынан сүт қабылдайтын орталықтың ашылғанына тұрғындар да дән риза.
None
None

Ұзынкөл ауданында 16 мың бас ірі қара бар. Алайда бұған дейін сүт қабылдайтын орын болған жоқ. Светлана Акерман Киев - ауылының тұрғыны. Сауын сиыры 20-дан астам. Жазда күніне 300 литрдей сүт алады, бірақ оны өткізу мәселесі қинайтын. Цехта қазір күніне 1 тонна өнім өңделеді. Сұраныс болса, оны 2 есеге дейін арттыра алады. Мұнда бәрі табиғи жолмен жасалады. Негізінен жәрмеңке арқылы, делдалсыз саудаға шыққан соң, бағасы да анағұрлым арзан. Шағын кәсіпорында әзірге жұмыс қол күшімен атқарылады. Болашақта барлығы автоматтандырылады деп күтілуде. Ал қазір мұнда 6 адам жұмыспен қамтылған. Осындай инвестициялық жобалардың арқасында аудан экономикасы түрленіп келеді. Өңдеу кәсіпорындарының ашылуы шаруашылыққа өзгеріс әкелген. Астықты ауданда бүгінде алқаптар әртараптанып, майлы, техникалық дақылдардың үлесі артып келеді. Инвестициялық жобалар жаңалық енгізіп қана қоймай, жұмыссыздықтың азаюына да айтарлықтай ықпал еткен, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар