Қостанай облысындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау департаментінің басшылықтағы қызметкерлері қамауға алынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қостанай облысындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау департаментінің басшылықтағы үш қызметкері ҚР ҚК-нің 314-бабы, 4-бөлімінің «в» тармағы бойынша (пара бопсалау) қылмысқа қатыстылығы күдігімен тұтқындалды.
None
None

Департамент басшысы Александр Енге және бөлім басшысы Қайрат Касеновке қамауға алу, ал департамент басшысының орынбасары Елдос Агитаевке үй қамағы шаралары қолданылды.

Шенеуніктер 20 наурызда тұтқындалып, екі күннен кейін Қостанай қаласының №2 сотында күдіктілерге тиісті шаралар қолдану шешімі шығарылды. Күдіктілердің қорғаушылары сот қаулысына шағымданып, департамент қызметкерлеріне қатысты қамауға алу шарасының орына басқа амалды қолдануға талпынатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар