Қостанай облысындағы өрттен 18 кәсіпкердің бизнесі шығынға ұшырады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әулиекөл ауданында өрт салдарынан 11 кәсіпкердің бизнесіне 198,8 млн теңге шығын келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ал жалпы зардап шеккен 18 бизнес субъектісі бар. Қалғандарының жанып кеткен мүлкінің құны әлі есептеліп жатыр.

Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев мәлім етті.


«Әулиекөл ауданында 18 кәсіпкер шығынға ұшырады. Олардың 11-інің шығыны 198 850 000 теңгеге бағаланды. Қалғандары бойынша жанып кеткен мүліктің құнын есептеліп жатыр. Қарасу ауданында бір шаруа қожалығы өрт салдарынан комбайн, трактор және ауыл шаруашылығы жабдықтарынан айырылған. Шығын сомасы - 28,8 млн теңге. Мүлік пен бизнестен айырылған кәсіпкерлер үшін қаражат жинау жүріп жатыр. Ол үшін «Атамекен» ҰКП «Күшіміз бірлікте» қорымен бірлесіп, зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржылай көмек жинап жатыр. Тек 2 күннің ішінде қорға 12 млн теңге түсті. Оның ішінде қостанайлық кәсіпкерлерден - 6 млн теңге. Қаражат жинау жалғасуда», - деп атап өтті Данияр Күзенбаев.

Қоса кетсек, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өрт салдарынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына резервтен қаражат бөлінетінін мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, бүгін баспанасы өртеніп кеткен Әулиекөл ауылының тұрғындарына үй салу жұмыстары басталды.


Соңғы жаңалықтар