19:15, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Қостанай облысындағы сауықтыру лагерінен екі бала қашып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы балалар сауықтыру лагерінен балалар қашып кетті. Көп ұзамай полицейлер қашқан екі баланы тауып алып, лагерьге алып келді, деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Меңдіқара аудандық ішкі істер бөліміне ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған Рудный мектеп-интернатының екі шәкірті «Лесная сказка» сауықтыру лагері аумағынан қашып кеткені туралы хабар түсті. Ол Каменск-Уральский кентіне жақын жерде орналасқан, делінген Алау сайтында.
«Оқиға орнына жедел тергеу тобы жөнелтілді. Жеткіншектерді іздеуге аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тартылды. Олар орман мен жақын маңдағы ауылдарды тексерді. Бірнеше сағаттан кейін жасөспірімдер лагерьден бес шақырым жерде ұсталып, тәлімгерлеріне қайтарылды», - делінген хабарламада.