Қостанай облысының 2014 жылғы бюджеті 3 млрд. теңгеге қысқартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық мәслихатының кезектін тыс сессиясының шешімімен облыстың 2014 жылғы бюджеті нақтыланды. Ол ҚР Үкіметінің мақсатты трансферттердің өзгеруі туралы 14 қарашадағы қаулысына байланысты 3 млрд. теңгеге қысқартылды.

Соған байланысты облыс республикалық бюджетке 3 млрд. теңгеден асатын трансферттерді қайтарады. Бұл соманың шамамен жартысын аймақтың дамуына бөлінген қаражат құрайды.

Атап айтқанда, Жітіқарада магистралдық жылу желілерін қайта жаңарту өткізілмейді, себебі бұл жұмыстарды өткізуге әзір мердігер табылмады (230 млн. теңге). Мекенжайлық әлеуметтік көмектің көлемі мен ауылдағы ауызсуды беру бағасын субсидиялау қысқартылды (220 млн. теңге). Агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобалардың жоқтығы да қаражатты қайтару қажеттілігіне әкеліп соқтырды (710 млн. теңге). Сол уақытта облыстық бюджетте табыстың түсуінің 73 млн. теңгеге дерлік өсуі атап өтілді, сонымен бірге шығын бөлігін талдаудың арқасында 400 млн. теңгеге жуық қаражат босатылды. Оны депутаттар мұғалімдердің еңбекақысын көбейтуге, тұрғын үй көлемін арттыруға, тас жолдардың қызметін қамтамасыз етуге жұмсау туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар