14:44, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Қостанай облысының әкімі диқандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
СТАНАЙ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин Қазақстан бойынша қараша айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін аграрлық сала мамандарының кәсіби мерекесіне орай облыстағы барлық ауыл халқы мен ауыл шаруашылығы мамандарын құттықтады.
Аймақ басшысының ресми сайтында жарияланған құттықтауда: «Қостанай облысы ел егемендігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан қамбаларына 8,7 млн. бидай төгіп, әр гектардан 2 тоннадан астам астық алды», - делінген.
Аймақ басшысы ауыл халқын еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға қосқан ерен еңбектері, өз істеріне деген адалдығы мен туған жеріне деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтты.