Қостанай облысының диқандары егіс танабының 70 пайызға жуық аумағына егін екті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының диқандары ауылшаруашылық мәдени дақылдарды өңдеуге арналған жерлердің үштен екі бөлігіне (70 пайызға жуық) егін екті.
None
None

Бұрын хабарланғандай, биылғы жылы күн райының қолайсыздығына байланысты аймақтағы егістік науқаны мерзімінен кеш өтіп жатыр.

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов егістік науқанының мерзімдері ең төмен болған солтүстік үш ауданның аграршыларымен кездесті. Аймақ басшысы көктемгі дала жұмыстарын табысты аяқтауға, егер белгіленген барлық аудандарға астық егу мүмкін болмаған жағдайда, шөпті мал азығына немесе күздік дақылдар егілетін сүдігер жырту үшін пайдалануға болатынына үмітін білдірді.

Дегенмен, қазіргі нәтижелер 10 маусымға қарай егістік науқаны толық аяқталатынына негіз қалайтындай. Ал Қостанай ауданында дәнді дақылдар егіс танабының жартысына, ал көкөніс дақылдары белгіленген жерлердің 90 пайызына егілген.

Қостанай облысы солтүстігінің ең шеті - Қарабалық ауданында жауын-шашынның үш айлық нормасы түскен. Техника көлтабан орнаған егістік далада көбіне тиісті жұмысын атқара алмауда. Алайда шаруалар тәулік сайын 15 гектар жерді өңдеу деңгейін ұстап тұру үшін әрбір қолайлы сәтті пайдалануда.

Соңғы жаңалықтар