20:16, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қостанай облысының полицейлері өрт кезінде бір адамды құтқарды
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының Қарабалық ауданында торуылшы полицейлер 79 жасар ер адамды от ортасынан алып шықты.

Облыстық ішкі істер департаментінің басқарма бастығы Елена Кашаринаның хабарлауынша, Қарабалық ауданының орталығында кеше түнде өрт болған. Торуылшы полицейлер Мұратхан Құсайынов пен Ермек Жолаев өрт шыққан үйдің жанынан өтіп бара жатып, ішінде адамның бар екенін біледі. Олар үйдің ішіне кіріп, оттан қарт адамды алып шығады. Аяғын күйік шалған ол ауруханаға шұғыл жеткізіледі.
Тергеушілердің деректері бойынша өрт газ құбырының ақаулығынан шыққан.