Қостанай облысының полицейлері үш бірдей қылмысты тексеруде

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының полицейлері 64 және 39 жастағы екі әйелдің, сондай-ақ 16 жасар жасөспірімнің өлімін тексеріп жатыр.
None
None

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу тобын облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары басқарады. «Олардың көптеген пышақ жарақатынан қаза тапқандары анықталды. Қаза тапқандардың үйінен материалдық құндылықтар жоғалған», - дейді ІІД басқарма бастығы Елена Кашарина.

Қылмыстық іс қозғалған, тергеу барысында қарақшылық жасалған деген сияқты болжамдар жасалуда.

Соңғы жаңалықтар