Қостанай: Өлтірілген қыздың әкесі ауруханадан шығарылады

Облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Моисеевтің сөзінше, қыздың әкесі бүгін түстен кейін шығарылады.
«Оған ота жасалды. Тиісті емдеу шаралары қолданылды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Түстен кейін шығарамыз», - деді Ю. Моисеев.
Еске салсақ, 17 наурызда Қостанайда №11орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кеткен болатын. Сол күні оқушының әкесі дене жарақатымен облыстық ауруханаға түсті. Ол тәртіп сақшылардың бақылауына алынды.
20 наурыз күні күдікті анықталғаны мәлім етілді. "15 жасар қала тұрғынына қатысты іс бойынша ҚР ҚК 99-бабымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті белгілі болды. Ол 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны. Полицейлер қылмыстық-процесуалдық кодекске сәйкес, оқиғаның мән-жайын анықтауда", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.