Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілері ЭКСПО-2017 нысандары құрылысына жұмылдырылады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының әкімдерінің қатысуымен кеңес өтті.
None
None

Оның барысында облыс әкімдіктері мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК арасында Халықаралық мамандандырылған көрме нысандарын салуда отандық тауар өндірушілерді тарту туралы меморандумдарға қол қойылды. Жалпы, бүгінде компания ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарды еліміздегі облыстардың баршасымен, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларымен бекітті. «Осы арқылы біз ЭКСПО нысандарын салу үдерісін отандық кәсіпорындарды тарту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындап отырмыз. Осының нәтижесінде, Қазақстанның әрбір өңірінде жаңа жұмыс орындары құрылды деп айтуға болады»,- деді А. Есімов. Таратылған мәліметтерге қарағанда, бас мердігер ұйымдар ЭКСПО нысандары құрылысына 200-ден астам отандық тауар өндірушілерді тартып, 30 млрд. теңгеден астам сомаға келісімдер жасалды.

Соңғы жаңалықтар