Қостанай полициясы бір тәулікте хабар-ошарсыз кеткен бес адамды тапты
Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Олардың ішінде кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім бар: Рудный колледжінде оқитын 16 жастағы қыз бала мен қостанайлық 13 жасар жеткіншек.
Рудный тұрғыны осы жылдың 29 желтоқсанында жоғалған. Жүйке ауруларын емдейтін ауруханадан шыққаннан кейін сабаққа бармаған, ол 22 күн бойы іздестірілді. Полицейлер оны Затобольск кентіндегі қараусыз қалған саябақтардың бірінен тапқан.
Кезбе синдромымен сырқат Қостанайлық жасөспірім үйінен 16 қаңтарда кетіп қалған. Ол Қостанайдағы компьютерлік клубтардың бірінен табылған. Төрт күн бойы компьютерлік ойындар ойнау үшін қайыр сұрап, ақша тапқан.
ІІД баспасөз қызметінде «Қаңғыбас» шарасы «тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды құқық қорғау органдарына тіркеуге алу үшін» жүргізілуде. Бір күннің ішінде полицейлер 70-тен аса үй-күйсіз жүргендерді тіркеді, олардың 5-еуі кім екендерін анықтау үшін қабылдау-бөлу бөліміне жіберілді.