Қостанай стансасы ЖІІД бастығының бұрынғы орынбасары пара беруде делдалдық жасағанын мойындады

Айыптау нұсқасы бойынша, 35 жасар сотталушы 16 ақпан күні «Казақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның Қостанайдағы магистральдық желілер бөлімшесінің бас инженерімен кездесіп, 1 млн теңге алған. Ол қаржы 800 литрлік төрт бөшкедегі мотор майын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын тоқтату үшін беріледі. Бұл пара Қостанай стансасы ЖІІБ-нің бастығы Ержан Сапаровқа арналған.
«Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Көшкінбаевпен кездесіп, ақшаны алу туралы тапсырма берілді. Мен оны орындадым. Мен бұл қызметке енді тағайындалған едім, сондықтан оны орындаудан бас тарта алмадым. Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын және өкінемін. Соманың 63%-ын әкімшілік соттың шотына аудардым», - деп мәлімдеді Шыңғыс Батталов тергеу барысында.
Прокурор оған жеке мүлкін тәркілей отырып, берген параның 20 есесін, яғни 20 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындауды, «полиция майоры» атағын алуды және өмір бойына мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында қызмет етуге тыйым салуды сұрады.
Бұл іс бойынша сот үкімі 13 наурыз күні жария етіледі.