Қостанай тұрғыны Астанадағы клиникалардың бірінде емдеу процедурасынан соң комаға түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанайлық қыз Астанада жеке клиникалардың бірінде косметологиялық процедурадан өткен соң комаға түсті. Аталған факті бойынша тексеру тағайындалды.

клиника
Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

Осындай оқиға болғанын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері растады.

-2025 жылдың маусымында департамент тарапынан жеке клиникаға тәуелсіз сарапшылар комиссиясын жіберу жөнінде хат жолданған. Ондағы мақсат – пациенттің денсаулығына зиян келтіру жағдайы болған-болмағанын анықтау еді,-деп хабарлады жолданған сауалға.

Клиника өкілдері алда осындай комиссия өтетінін растады. Сараптама қорытындысы бойынша жасалған тұжырым шағым иесі мен департаментке жолданады.

Бұған дейін хабарланғандай, комаға түскен қыз — 2025 жылдың сәуір айында мұрын пердесін түзету операциясын жасаған Қостанай қаласының тұрғыны. Сол уақыттан бері науқас ес-түссіз жатыр.

«Тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 30-бабына сәйкес, пациенттің туыстары Астана қаласы бойынша комитет департаментіне жүгінуге құқылы. Мұндай өтініш негізінде медициналық ұйымға жоспардан тыс тексеріс жүргізілуі мүмкін», — делінген ресми түсініктемеде.

Бұған дейін Қостанай облысында операция кезінде науқас қайтыс болғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар