Қостанай тұрғыны шекарада әскерилер қақтығысқаны жайлы фейк видео таратқан

Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған видеоның авторы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай,
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының шекарасындағы әскери қызметшілер қақтығысы туралы әскери көлік колоннасының видеосы тарады.

Белгілі болғандай, бұл видео фейк болып шықты.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қасақана әрекет жасағаны үшін кінәсін мойындады.

Ер адам Қостанайда өтіп бара жатқан әскери техника колоннасын көріп, видеоға түсіргенін және бұл жағдай шекарада болып жатқанын айтады.

Ол бұл видеоны туыстарының WhatsApp мессенджеріне жіберген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін және азаматтарды мәлімет таратпас бұрын олардың дұрыс-бұрыстығын тексеруге шақырады. 

Соңғы жаңалықтар