08:30, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Қостанай тұрғыны сапасыз жөнделген асфальт жолға «батып» қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай тұрғыны жергілікті БАҚ-қа көлігімен жаңа жөнделген асфальт жолға «батып» қалғаны туралы хабарлады.
Ол қаладағы Л. Беда көшесімен үйіне жұмыстан келе жатып, Қостанай-Кама ауданында жаңадан жөнделген тас жолға батпаққа батқандай батып қалған. Бұл жағдайды ол фото және видеоға түсіріп, alau.kz. сайтының редакциясына жіберген. Дөңгелек кіріп кеткен шұңқырдан оның көлігін эвакуатордың көмегімен ғана шығарып алған. Жүргізуші полицейлерді шақырған. Заңгерлер оған сотқа талап арыз жазуға кеңес берді.