Қостанай тұрғынына туу туралы куәліктің орнына қайтыс болу туралы құжат берілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының тұрғынына туу туралы куәліктің орнына қайтыс болу туралы құжат берілді, деп хабарлайды kstnews.kz.
None
None

Қала тұрғыны Қостанай қалалық азаматтық хал актілерді тіркеу бөліміне келіп,туу туралы куәлікті қайта беру өтінішін жазды. Мұнда оған берілген жауап ер адамды таңқалдырды.

«Сіздің (ер адамның тегі жазылған - ред.) қайтыс болу туралы куәлікті қайта беру туралы өтінішіңіз қарастырылды. Осыған байланысты, түпнұсқа құжатты алу үшін кейінірек ХҚКО-на баруға кеңес береміз».

АХАТ бөлімі қызметкерлерінің бағына қарай, ер адам оптимист болып, оны ұзақ өмір сүру белгісі деп қабылдаған. Ол туу туралы куәлігінің қайта берілетінін күтіп, бұл оқиғаны ұмытып кетуге дайын.

«Біз бұл азаматтың алдында кешірім сұрауға дайынбыз. Әрине, біздің тарапымыздан үлкен қателік кетті. Бөлімімізде мені қоса алғанда небәрі бес қызметкер жұмыс істейді. Бұл ретте біз тоғыз мемлекеттік қызмет көрсетеміз. Соның бірі - жазғы-күзгі маусымда аптасына жүзге дейін жететін некені тіркеу. Яғни, жұмыс бастан асып жатыр», - деп жауап берді Қостанайдағы АХАТ бөлімінің басшысы Нұргүл Қойшыбаева.

Соңғы жаңалықтар