23:30, 09 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қостанайда 20 жастағы электр монтаждаушы көз жұмды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 1999 жылы туған электр монтаждаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады. Оқиға облыс орталығындағы «Март» ойын-сауық, сауда орталығының маңында болды.
«Толстой көшесінің бойындағы электрлі-техникалық жұмыстар кезінде электр монтаждаушы көз жұмды. Кісі өлімінің нақты себептері анықталуда», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі И.Беженарь.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 156-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Осыған дейін қызметкерлерінен ақша алып отырған полиция бастығының үйқамаққа алынғанын жазғанбыз.