Қостанайда 215 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанайда су басу қаупіне байланысты полицейлер мен құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп эвакуация жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

эвакуация
Фото: ТЖД

Құтқару жұмыстарына жұмылдырылған тәртіп сақшылары мен құтқарушылар сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бірлесіп «Мичуринец», «Садовод» және «Дорожник» бау-бақша қоғамының тұрғындарын эвакуациялады. 

Барлығы 215 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Бұған дейін Қостанайда төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар