Қостанайда 73 жастағы ... телефон лаңкесі ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қаланың Оңтүстік полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері, өрт сөндірушілер, төтенше жағдайлар ведомствосының қызметкерлері оқиға орындарына - №19 және №21 орта мектептерге жедел жетті.
Оңтүстік полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Мұхаметқалиевтің айтуынша, қоңыраулар 5-7 минуттық аралықпен түскен. Ішкі істер бөлімінің барлық жеке құрамы жауынгерлік әзірлікке келтірілген. «1 сағаттың ішінде қылмыстың бетін ашып, қоңырау шалған адамды анықтай алдық», дейді А.Мұхаметқалиев.
Телефон лаңкесі Қостанайдың 73 жастағы тұрғыны болып шыққан. А.Мұхаметқалиевтің айтуынша, «полицейлер келген кезде, ол адам мас болған және кінәсін бірден мойындаған. Бірақ неге олай еткенін түсіндіре алмаған».
Тергеу амалы жүргізілуде. «Әзілқойды» қомақты айыппұл күтіп тұр.