16:08, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қостанайда әділет департаменті мен ХҚКО қызметкерлері топтық пәтер алаяқтығына қатысқандығы үшін айыпталуда
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы ХҚКО инспекторы мен әділет департаментінің қызметкері пәтер алаяқтығымен айналысқан қылмыстық топ қызметіне қатысқаны үшін сот алдында жауап береді. Сыбайластардың саны сегіз.
Олар ірі алаяқтық пен ресми құжаттарды қолдан жасағаны үшін айыпталуда. Қостанай қ. №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылар жылжымайтын мүлікке тіркеу істерінің электрондық мұрағатын құрған. Олар «ресми құжаттарға көрінеу жалған ақпарат енгізген, - деп атап өтілген хабарламада. - олар: сыйға тарту шарты мен Қостанай облысының 7 шағын ауданындағы белгілі бір пәтерді тіркеуге құқық беретін құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру туралы өтініш».
Нәтижесінде қылмыскерлер пәтерді сату мүмкіндігін алған. Олардың бірі 2 млн. 940 мың теңгеге, екіншісі - 1,5 млн. теңгеге сатылған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатты қатысушылар мен орындаушылар өзара бөліскен.