10:33, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қостанайда астық өнімдерін жинау науқаны негізінен аяқталды
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайдың диқандары жаппай астық жинау науқанын аяқтады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Нина Бердникованың ақпараты бойынша, 4,273 млн. гектар аумақтағы бидай орылған. Жиналған астық мөлшері 3,471 млн. тоннаны құрады.
Облыс бойынша астықтың орташа мөлшері бір гектардан 8,1 центнерден айналды.
Алтын дәнді ең көп алған аймақтар - Федоровский, Қарабалық және Меңдіқара аудандары (сәйкесінше бір гектардан 12,7, 12,6 және 12,1 центнер).
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы былтырғы жылы 5,429 млн. тонна астық жиналып, орташа көрсеткіш бір гектардан 12,2 центнерді құрағанын атап өтті.