Қостанайда ат спорты маусымы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда ат спорты маусымы ашылды. Осыған байланысты «Арғымақ» ипподромында дүбірлі жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлады 24kz сайты.
None
None

Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Ресейден келген бапкерлер шашасына шаң жұқпаған сәйгүліктерін қатыстырды. Өздерінің бағын сынап көру үшін Түркия және Катар елдерінің белгілі шабандоздары да келді. Бұл жолғы бәйге ауқымдылығымен ерекшеленді. Алғашқыда жүзге жуық тұлпар жарыстың 10 түрі бойынша өзара сынға түсті. Ұлттық ойын түрлері аламан, құнан, топ бәйге, тай жарыста жүйріктерге шектеу қойылған жоқ. Ал классикалық түрінде тек ағылшынның таза арғымақтары түрлі қашықтыққа шапты.

- Басқа жерлерде ат спортынан жарыстар саябырсып қалған кезде Қостанай жығылып бара жатқан ат спортының туын көтеріп алып, былтырдан бері қарай жерге түсірмей келе жатыр. Сондықтан әрі қарай дами беретіндігіне көзіміз жетеді. Үкімет тарапынан да көңіл бөлінуі керек. Қостанайда жоба бойынша «Арғымақ» ипподромында 5 жарыс өткізбек ойымыз бар», - деді Қостанай жылқы зауытының директоры Нәбидолла Кикебаев.

Соңғы жаңалықтар