Қостанайда әуежай аумағындағы жылу желілерінде апат болды

Төтенше жағдай Қостанай әуежайының аумағында болды. Жөндеу бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

апат
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Жергілікті әкімдік апатқа қатысты түсінік берді. Олар жылу жүйесі қалпына келтіріліп жатқанын, жергілікті тұрғындар жылу үзілгенін сезбей де қалғанын айтты.

«Бүгін Қостанай халықаралық әуежайының аумағында магистральдық жылу желісінде апат болды. Оқиға орнында жөндеу бригадалары жұмыс істеп жатыр. Жылу беру қалпына келтірілуде», - деп хабарлады жергілікті атқарушы органдардың өкілдері. 

Қазіргі уақытта қысым қалпына келтірілді, қазандық қалыпты жұмыс істей бастады. 

Соңғы жаңалықтар