Қостанайда автобус бұзылып, 25 адам қауіпсіз жерге жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін 112 нөміріне Қостанай облысының Федоров ауданынан 10 шақырым қашықтықтағы республикалық маңызы бар «Алматы–Екатеринбург» автожолында шетелдік азаматтар мінген автобус бұзылғаны туралы хабарлама түсті.

ТЖМ құтқарушылары 25 адамды эвакуациялады
Фото: Видеодан скрин

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес көлікте барлығы 66 адам болған, оның 2-і бала. Олар Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына қарай жол жүріп бара жатқан.

— Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жұмылдырылып, 25 адамды, оның ішінде 1 жүкті әйел мен 2 баланы Федоров ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді. Сонымен қатар, жол қызметі бұзылған автобус пен оның ішіндегі адамдарды Федоров ауылына дейін сүйреп жеткізді, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Павлодарда жолда тұрып қалған автобустан 36 шетелдік құтқарылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар