Қостанайда «Автобус» операциясы өтуде

ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – «Автобус» операциясының алғашқы күні Қостанай облысында жолаушылар көліктерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 52 факті анықталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Заңбұзушылықтардың тең жартысы облыс орталығында орын алған. Бүгін облыстық ішкі істер департаментте өткен брифингте жол полициясы басқармасының аға инспекторы Виталий Штер хабарлағандай, жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең жиі кездескен түрлері - сақтандыру полистерінің болмауы, техникалық байқаудың жоқтығы, қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесуі, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, жүріп өту сияқты фактілер болып отыр. Сондай-ақ Қостанайда салонында зауыт қарастырмаған 4 қосымша жолаушылар орындығы орнатылған бағыттық шағын автобус ұсталды. «Автобус» операциясы наурыздың 4-іне дейін созылады.
Соңғы жаңалықтар