Қостанайда азық-түлік бағаларын арзандату шаралары қабылдануда

ҚОСТАНАЙ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай аймақаралық инспекциясының өкілдері күн санап аспандап бара жатқан азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендетуге болады деп санайды.
None
None

Инспекция басшысы Еркеғали Әлімқұловтың пікірінше, көкөніс сақтау қоймаларының санын көбейту және көкөніс қорының тұрақтандыру қорын жасау осы проблеманы шешуге көмектеседі.

Бағаның өсуі нарықтағы жағдайға сәйкес жұмыс істеп отырған өндірісшілерден басталып отыр. Қазір оларға картоп өнімін Ресейге шығару тиімді, дефицит орын алып отырған көрші елде картоптың бағасы күрт қымбаттап отыр. Дегенмен, өндірушілер көкөністерді сыртқа шығармаса тағы болмайды, себебі Қостанай облысындағы көкөніс сақтауларының ауқымы шағын, халықтың сұранысын қамтамасыз етуге жетпейді. Облыстың көкөністерге деген жылдық сұранысы 59 мың тонна болса, қоймалардың ауқымы 29 мың тоннадан астамды ғана құрайды.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай аймақаралық инспекциясында арнайы жедел топ құрылып отыр, ол топ бағаларды қадағалаумен айналысады. Ал әкімдіктің алдына қосымша сақтау қоймаларын салу мәселесі қойылып отыр.

Соңғы жаңалықтар