Қостанайда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорт жабдықтары тарту етілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы ІІД полицейлері Балаларды қорғау күнінде Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық волейбол киімін, доптар, велосипедтер, скейтборд және ойыншықтар тарту етті.
None
None

Қостанай облысы ІІД бастығы Тілеген Мәткенов балалар үйі тәрбиеленушілерінен балалар-жасөспірімдер волейбол командасы құрылғанын хабарлады, команданы «Динамо» спорт қоғамы өз қамқорлығына алды.

Т. Мәткеновтың айтуынша, тәртіп сақшылары облыстық балалар үйіне бірнеше жылдан бері қамқорлық көрсетіп келеді. Ол құрылған спорттық команда «Динамоның» айтулы дәстүрі мен салауатты өмір салтын жалғастыратынына сенім білдірді.

Балалар үйінің тәрбеленушілері де генералды құр алақан қалдырмады, олар оған жуырда жарық көрген өздерінің өлеңдер жинағын табыс етті.

Балалар үйінің директоры Сергей Ахрипкин тәрбиеленушілерден құрылған баскетбол командасы ҚР-ның бес дүркін чемпионы атанғанын атап өтті. «Балалар үйінің қабырғасында шаңғы жарысы бойынша ҚР чемпиондары, екі спорт шебері, гір спорты бойынша жасөспірімдер арасында Еуропаның үш чемпионы тәрбиеленген», - деді С. Ахрипкин. - «Динамоның» қолдауымен волейбол командасы үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін».

Соңғы жаңалықтар