Қостанайдың бес учаскесінде барлық көлік түріне жол ашылады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін сағат 07:00–де Қостанай облысында бірнеше республикалық маңызы бар жолдар ашылып, көлік қозғалысы қайта қалпына келеді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
— 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 07:00–де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.
— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автомобиль жолының 555-683 шақырым аралығындағы учаскесі (Тобыл қаласынан Сарыкөл елді мекеніне дейін);
— «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автомобиль жолының 539-418 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай қаласынан Қарабалық елді мекеніне дейін);
— «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 385-501 шақырым аралығындағы учаскесі (Денисовка елді мекенінен Рудный қаласына дейін);
— «Мәмлүт — Қостанай» автомобиль жолының 402-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Тобыл қаласынан Ұзынкөл елді мекеніне дейін);
— «Денисовка — Жітіқара — Мықтыкөл — РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-50 шақырым аралығындағы учаскесі (Денисовка елді мекенінен Жетіқара елді мекеніне дейін).
Еске салайық, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, синоптиктер 6 қаңтарға Қазақстанның 16 облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады.