Қостанайда белгісіз ер адамның денесі табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының полицейлері денесі Таран ауданынан табылған белгісіз ер адамның туыстарын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«21 тамызда Таран ауданы Юбилейное ауылынан 6 шақырым қашықтықта орманнан белгісіз ер адамның денесі табылды. Полицейлер зардап шегушінің заттарының арасынан сурет тапты», - деп хабарлады полицейлер.
null 

Осыған байланысты ІІД осы ер адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден полицияға «102» хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар