Қостанайда «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» жобасы іске асырылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы өтетін мерейтойына арналған «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» жобасының қорытындысы шығарылды.
None
None

Жоба соңы үлкен гала-концертке ұласты. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

5 айға созылған жоба шеңберіндегі негізгі жұмыс дөңгелек үстел, семинар, тренингтер өткізуді қамтыды, деді сарапшылар тобының мүшесі Александра Суслова. Қатысушылар қаланы, Қостанай облысының аудандарын түгелдей аралады, шараға жергілікті тұрғындарды тартты. Талқылау барысында толеранттылық пен ұлтаралық достық басты тақырыптардың біріне айналды.

Гала-концертке Челябі облыстық Достық үйінің директоры Юлия Лапидус ресейліктер ұлтаралық келісімді қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда қазақстандықтардан көп нәрсені үйренуі тиіс екенін атап өтті. «Бейбітшілік және келісім жол картасы» бірегей жоба екеніне сенімдімін, деп атап өтті Ю. Лапидус. «Қазақстандық әріптестеріміз сияқты ресейлік ассамблеяның да қоғамдық мәртебесі жоғары болса дейміз».

Соңғы жаңалықтар